КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАУДАН МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында күрделі ота жасаудан мастер-класс өтті.

Мастер-класты аритмолог дәрігерлермен бірлесіп, ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жетекші маманы Ринат Камиев өткізді. Оған Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері қатысты.

Жүрек жетіспеушілігі және есінен тану асқынған жүректің қарыншаүстілік тахикардиясы мен жүректің қосымша өткізгіш жолдарына жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілікті аблациялау отасы жасалды.

Gulzhan Khalikyzy