Күнәларды жуатын үш нәрсе

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар.

Құтқаратын үш нәрсе:

  1. Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу
  2. Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу
  3. Разылықта да, ашуда да әділ болу.

Қирататын нәрсе:

  1. Қатты сараңдық
  2. Созылмалы әуейілік
  3. Өзіне-өзі таң қалу.

Дәрежені көтеретін үш нәрсе:

  1. Сәлемдесу
  2. Адамдарды тамаққа шақыру
  3. Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу

Күнәні жуатын үш нәрсе:

  1. Суық түндерде дәрет алу
  2. Жамағат намаздарына бару
  3. Намаздан соң келесі намазды күту» — деген (Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен).