Италия елшісі Маңғыстау облысында

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Италияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында маңғыстаулық және италияндық бизнесмендер арасындағы өзара сауда-экономикалық қатынастарды бекіту, сондай-ақ, италияндық компаниялардың өңірдегі инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

– Мен Маңғыстау облысына алғаш рет келіп отырмын. Келген мақсатым – транзиттік дәлізді құратын аймақтағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысу. Сонымен қатар, осында энергетикалық салаларда жұмыс жасап жатырған «Ерсай», «Розетти», «Тенарис» италияндық компанияларына баруды жоспарлап отырмын. Маңғыстау облысы бізді көлік инфрақұрылымы, кеме жасау мен теңіз логистикасы жобаларын іске асыратын өңір ретінде қызықтырады, – деді Стефано Раваньян мырза.

Айман Оңғарбайқызы

Маңғыстау облысы