Infomatrix-Asia&Pacific жобасында топ жарған жеңімпаздар

№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының бір топ оқушысы Алматы қаласының Сүлеймен Демирел университетінде өткізілген Infomatrix-Asia&Pacific компьютерлік жобасынан жүлделі оралды. Әлемнің 30 мемлекетінен оқушы қатысқан халықаралық жобаға лицейімізден 6 оқушы қатысып, 4 оқушымыз жүлделі оралды.

11-сынып оқушылары – Сәбитбек Айдана мен Әбілқасым Ақерке «The fair decision is the key to happiness» тақырыбындағы, Мақұлбекова Айжан мен Тәжмағанбет Жұлдыз «I’m not a slave, I’m a hero of my life» тақырыбындағы фильмдерімен жүлделі ІІІ орынды иеленді.3433c660-a63d-4037-86e1-25ba7f2833bf

Олардың фильмдері әділдік пен ғаламторға тәуелділікке тоқтала отырып, мағыналы мазмұн мен шебер рөльдік ойындары, айтайын деген ойларын фильмге сыйғыза білу шеберліктері үшін ерекше бағаланды. Халықаралық деңгейдегі байқауды бағындырып келген жеңімпаздарымызды жүлделерімен, білім грантын жеңіп алуларымен құттықтап, өмірдегі алар асуларының биік болуына тілектестік білдіреміз.

№10 Қызылорда қыздар лицейі