И.Сауэр — Қазақстандықтарға жерді тегін беруді ұсынды

Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі, «Родина» агрокомпаниясының басшысы Иван Сауэр 50 гектардан аз жерді жалға алып отырған шаруаларға тегін беруді ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Жекеменшік болсын, не болмасын деген тақырыпқа терең ойланудың қажеті шамалы. Бірақ жер реформасын жөнге, ақылға келтіру қажет деген тақырыпты қозғау — міндетіміз. Менің көзқарасым бойынша, егер мемлекет инвентаризация жасап, 3-5 жыл жермен айналысып жатқан, 50 гектардан аспайтын аумақты жалға алып отырған шаруаға еркіндік берсе, меніңше мемлекет кедейленіп қалмайды. Мемлекет оған сол жерді сыйға тартсын, мемлекет одан тек пайда көреді», — дейді ол бүгін Астанада жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысында.
Оның сөзі бойынша, мұндай қадамнан ешкім ұтылмайды.

«Әрине, ертең алыпсатарлық болмас үшін, ол сол жерде еңбек ететінін дәлелдеуі тиіс. Оны тексеру қиын емес. Осы сxеманы ашық, көрнекі жасауға болады», — деп атап өтті И. Сауэр.