Гүлбаршын Құланбаева «Jambyl» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Журналист Гүлбаршын Құланбаева «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына қарасты «Jambyl» облыстық телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Гүлбаршын Құланбаева журналистика саласында 17 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын 2005 жылы Корпорацияның Жамбыл облыстық филиалында журналист-редактор болып бастаған. 2014 жылға дейін облыстық телеарнада бағдарламалар бөлімінің аға-редакторы және жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы қызметтерін атқарды.

2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметінде Бас маман, Баспасөз қызметінің жетекшісі, бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы қызметінде болды.
Ұжымға жаңа директорды бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Илхам Ибрагим таныстырды.