EXPO-2017 көрмесі Жаһандық әйелдер саммитінде таныстырылды (Видео)

Варшавадағы Жаһандық әйелдер саммитінде EXPO-2017 көрмесі таныстырылды. Қазақстанның ең басты жобасы форумға қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырған. Әйелдер жиынына 75 елден министрлер, қала басшылары мен бизнес өкілдері қатысуда. Біздің делегацияны Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова бастап барды. Варшавадағы әйелдер саммитінде EXPO көрмесінің мән-жайы кеңінен таныстырылды. Алқалы жиынға жиылғандарды да «Болашақ энергиясы» бей-жай қалдырмады. Сондықтан іскер әйелдер 2017 жылы Астанаға келуге мүдделі.