Евро Парламент Түркия істерін алға жылжыту бойынша ең қатал есеп қабылдады

 

Евро Парламент (ЕО) Түркия істерін алға жылжыту бойынша есеп қабылдады. Қабылданған есеп Түркия жайлы бүгінге дейін дайындалған ең қатал есеп ерекшелігіне ие.

Европалық Одақ мамандары Түркия есебінің қатал болуына себеп ретінде Түркияға сын ретінде айтылған 550 ұсынысты алға тартуда. Есепте Түркияның Бұқаралық ақпарат құралдарына тағайындаған мемлекеттік сенімді уәкілді қайтарып алуы, тұтқындағы журналистерді босату және заңға қайту керектігі білдірілген.

Европарламенттің Голландиялық мүшелерінің бірі Кати Пири әзірлеген «Түркия есебі» Сәуірдің 14- күні Европарламенттің Жалпы жиналысында мақұлданып, басым дауыспен қабылданды. Бүгінге дейін әзірленген ең ұнамсыз есепте Түркияға өте қатал сындар айтылды. Есепте Күрд мәселесі мен БАҚ еркіндігіне қатысты сындармен қатар президент Режеп Тайып Ердоғанға сөгіс бар. Пири визаларды алып тастауды дұрыс көрмейтінін айтты.

Әр сөйлемі сынға тола «Түркия есебі» мынандай:

Копенгаген талаптарынан алыстау: ЕуроПарламент Түркияда демократия мен құқықтық мемлекет салаларындағы кері кетудің аясында реформалардағы жалпы жылдамдықтың соңғы жылдары баяулағанына және сот жүйесінің тәуелсіздігі, жиналу және пікір білдіру еркіндігі, адам құқықтары мен құқықтық мемлекетке құрмет секілді кейбір негізгі салаларда бара-бара Копенгаген талаптарынан алыстатқан керікетушілік орын алғанына алаңдаушылық білдіреді.

БАҚ-қа шабуылды тоқтату керек: Түркия журналистерге бағытталған қоқан-лоққының барлық түріне жол бермеу әрекетін жасауы керек, журналистерге жасалған түрлі шабуылдар мен қорқытушылық жауапқа тартылуы керек, бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған шабуылдарды белсенді түрде тоқтату керек. БАҚ пен интернетте еркін пікір алмасуға кедергі келтіретін саяси дүрдараздықты сейілткен дұрыс. Еуропарламент көп газетті қатал әрі заңсыз түрде тартып алудың дұрыс еместігін айтып айтыптауда.

«Күрд жұмысшылар партиясы қаруды тастауы керек»: Күрд мәселесі күш көрсетумен шешілмейді. Европарламент террорлық ұйымдар тізіміндегі КЖП-ның күш алып бара жатқанын айтыптайды әрі дұрыс еместігін айтады. КЖП қаруды тастауы керек, лаңкестік әдістерден бас тартуы тиіс әрі мақсаттарын бейбіт әрі заңды жолдармен білдіруі тиіс. Лаңкестікпен күрес Түркияның заңды құқы ретінде білінеді. Лаңкестікпен күрес операциялары пропорциялы түрде жүруі тиіс, жаппай жазалау кейпін алмауы тиіс.  Еуропарламент ЖКП-ның қарулы күштері мен бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдарын қатаң айыптайды.237090_3

Істелген істер бойынша берілген есептің кейінге қалуы: Европалық Одақ комиссиясының 2015 Істелген жұмыстар бойынша есеп беруді түрік сайлауларынан кейінге қалдыруы Түрік үкіметінің босқындар мәселесіндегі ынтымақтастығына Евро Одақтың негізгі құқықтар мәселесінде үнсіз қалғандай әсер қалдыратындықтан, қате шешім болған деп ұйғарамыз.

«Реформа шарт»: Сот, негізгі құқықтар, әділеттілік, еркіндік пен сенім салаларында шұғыл түрде реформалар қажет.

Президентті жазғыру: Европарламент ой-пікір мен сөз бостандығымен БАҚ-тың Европаның негізгі құндылықтары екенін жаңалап, Жан Дүндар мен Ердем Гүлді босатуды қуана қабылдайды және президенттің Конституциялық сот жайлы айтқандарын айыптайды. Тұтқындалған журналистерді дереу босатуға шақырған Европарламент Түрік басшылығына тән барған сайын асқынып бара жатқан авторитарлы іс-әрекеттерді ауыр қабылдайды.

Жемқорлықпен күрес: Жемқорлықпен күрес Түркияның басымдықтарының бірі болуы тиіс. Түрік үкіметі жемқорлықпен барлық деңгейде күрес ниетінде екендігі турасында ашық ұстанымда болуы тиіс.

Секулярлы өмір салтын құрметтеу: Европалық парламент Европа құндылықтарына сай сенімге негіз тартатындармен қатар секуяларлы болғандар үшін де өзгеше өмір салтына толық құрмет көрсету әрі мемлекет пен дінді екі бөлек ұстау қажеттігіне назар аудартады.

Әйелге күш көрсету: Әйелге күш көрсетудің өте жоғары деңгейде болуы алаңдатарлық. Қатысты заңның орындалуы кемшін екені байқалады. .

Зиялыларды қудалау: Бейбітшілік үшін ортақ мәлімдемеге қол қойды деген желеумен мыңнан аса оқымыстының қудалауға ұшырағаны ренішті жағдай.

Есептің ірі бөлігінде келеңсіздіктер алға шықса, Түркияның сириялық босқындар жайлы ұстанған ұстанымы Евро Одақ тұрғысынан маңызды стратегиялық серіктес болуы, сыртқы саясат пен қауіпсіздік мәселелерінде Евро Одақ пен Түркия арасындағы диалогты жандандыра түсуіне оң қаралуда.

Визаларды алып тастау

Есепті дайындаған голландиялық Кати Пири Страсбургтегі Евро Парламентте «Түркиямен визаларды алып тастау» жайлы түсіндірмелер жасады. abhaber.com да шыққан хабар бойынша, Анкара басшылығы тарапынан «Маусым айында алып тасталады» делінген визалар үшін үмітсіз екенін айтқан Пири «Соңғы екі жылдағы жасалған істерге қарағанда әрі заңның қысқа уақыт аралығында өтуі керектігін негізге алсақ, бұл өзі мүмкін еместей болып көрінуде» деді.

Бауыржан Карипов