«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын құттықтады.

 

Аудан әкімі:
— Құрметті жиынға қатысушылар!
Қадірменді кәсіпкерлер!
Бүгін біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында өткізілген «Жомарт жүрек» жылдық байқауының аудандық іріктеуінің жеңімпаздарын марапаттағалы отырмыз.

 

 

 

Пандемияның шарықтаған кезінде халыққа қол ұшын беріп, қайырымдылық, волонтерлық жасаған азаматтарымыздың да еңбегі ескерілді.
Әрине, ұсыныс берілген әр азамат пен азаматша өзінің қажырлы еңбегі мен мейірімді істерімен жоғары бағаға лайықты болды.

 

Қайырымдылық шараларына біздің аудан кәсіпкерлері мен еріктілер де белсенді қатысып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп келеді.
Ауруханаға түрлі құрылғылар сыйлап, мұқтаж отбасыларға үй салынып және аудандағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз еткендер де баршылық.

 

Бұл қазақы дархандығымыздың, бойға сіңген көпшілдігіміздің, мықтылығымыздың кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге екенін жақсы түсінеміз,-деді.
Төменде аттары көрсетілген лауреаттар кезекпен таныстырылып, марапатталды.

 

1. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» номинациясы бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасына көмек көрсеткені үшін БЛАЛИЕВ ТОҚТАСЫН АМАНБАЙҰЛЫ.
2. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясы бойынша Сарысу ауданында пандемия кезінде қоғам өміріне белсенді атсалысып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырғаны үшін «Сарысу қайырымдылық қорының»

 

 

ұйымдастырушысы, «KazakSMR» ЖШС-ның директоры Әлкеев Баймен Серікұлы марапатталды.
3. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясы бойынша белсенді азаматтық ұсынымы және қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін ЕРКЕБҰЛАН СЕЙДІШҰЛЫ.
4. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясы бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды қайырымдылық көмек беруге бас демеушілік жасағаны үшін «ЖАҢАТАС ЖЕЛЭЛЕКТРСТАНЦИЯСЫ» ЖШС.

 

5. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «ЕРЕН ЕРІКТІЛІК» номинациясы бойынша Сарысу ауданында пандемия кезінде қоғамның қайырымдылық шараларына ат салысып, волонтерлық қызметтерге белсенді қатысқаны үшін РЫСПАНОВ ҒАНИ АЙТУҒАНҰЛЫ марапатталды.

 

 

 

6. 2020 жылдың наурыз айынан басталған пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде ерікті түрде 4300 азаматты бетпердемен қамтамасыз етіп, азаматтық танытқаны үшін Сарысу ауданы тұрғындарының атынан БЕКМҰСАЕВ АЛИК ҚАРАТАЙҰЛЫНА «АЛҒЫС» хат табысталды.
7. 2020 жылдың наурыз айынан басталған пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде ерікті түрде орталық ауруханаға оттегі концентраторы құрылғысымен қамтамасыз етіп, азаматтық танытқаны үшін Сарысу ауданы тұрғындарының атынан БОЗЖІГІТОВ ЗӘУІР ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫНА «АЛҒЫС» хат табыс етілді.

 

Сөз кезегі «Amway» компаниясының аудандағы өкілі, жеке кәсіпкер Бекмұсаев Алик Қаратайұлына берілді.
Аудан басшысы аудан халқының әл-ауқатының артуы мен аудан экономикасының қарышты дамуына қосып отырған азаматтарға алғыс білдірді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы