ЖАҚСЫЛЫҚ ЗАЯ КЕТПЕЙДІ!

Ауруханада жасы үлкен егде тартқан кісі емделуде. Əр күні оның зияратына бір жас жігіт келеді. Қариямен бір сағаттан көп уақыт бірге болып, тамақтануына, жуынуына көмектесіп жəне аурухананың бақшасына алып шығып серуендетіп қайтады. Сосын қарияның басқа ықтияждықтары қалмағанын біліп, көңілі жайланғанда ғана қайтып кетеді. Күнде осылай жалғаса беретін. Бір күні медбике қарияның жағдайын тексеріп, дəрі-дəрмегін беруге палатаға кіргенде қарияға:
— Маа шаа Алла, ата сізге Алла сондай жақсы ұл берген екен. Əр күні сізді көруге келеді, қызметіңізді қылады,- дейді. Қария оған бір қарап қойды да, терең күрсініп:
— Ееех… Ұлдарымның бірі болса арманым болмас еді ғой?! Бұл жігіт ауылымыздағы бір жетім бала. Күндердің бір күнінде ата-анасының қазасынан соң оны мешіттің есігінің алдында жылап отырғанын көрдім. Оны жұбатып, халуа сатып алып бердім. Содан кейін онымен көрісіп не сөйлескен емеспін. Жылдар өтіп кетті. Мен жəне əйелімнің қараусыз қалғанымызды біліп, əр күні жағдайымыздан хабар алу үшін біздің зияратымызға келетін болды. Мен сырқаттанып қалдым. Əйелімді өзінің үйіне əкетіп, мені емдету үшін ауруханаға жатқызды. Одан: — Ей балам, не үшін біздің машақатымызды желкеңе алып жүрсің?- деп сұрадым. Ол күлімсіреп: — Сол халуаның дəмі əлі аузымда тұр, — деді….
Қарияның көзінен жас ыршып түсті…
Орны болмаса да жақсылық еге беріңіз. Жақсылық қайда егілсе де зая кетпейді. Арадан көп уақыт өтсе де жақсылықтың жемісін сол еккен адам ғана орады.