Жамбыл ауданындағы Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтті

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі аудан орталығында ерекше леппен басталды. 3000 мыңға жуық тұрғындар қатысқан шарада Наурыз көше таратылып, концерттің бағдарламалар ұйымдастырылды. Жұртшылықты құттықтаған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы әз-Наурыз мерекесі табиғат-ана жаңаратын кез екенін айтып, қасиетті мерекенің жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ арқан тартыс, гір көтеру, қошқар көтеру, ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылды. Мешіт асханасынида да жұртшылыққа дастархан жайылды

Қаратөбеліктер Наурыз тойын ерекше атап өтті. Қаратөбе ауылдық округі бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың бастауы саналатын, көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті.

Ауылдық округтің әкімі Ғамзат Сағымбековтың айтуынша, тамырын тереңнен тартқан осынау мерекеге орай қол күрес, гір ьасын көьеру, қошқар көтеру секілді спорттық шараларға лайықты жүлделер ұйымдастырылған. Ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелтетін ұлы күнде концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлаған.
Шайқорықтықтар Наурыз мерекесін тойлауда. Ұлыстың ұлы күнінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауылдарда өтіп жатқан Наурыз тойына арнайы қатысты. Шайқорық ауылын 1989-1990 жылдары туылған азаматтары, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты, ауылдық клуб қызметкерлері 1500 тұрғынға Наурыз көже әзірлеп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Қастерлі мерекеде сөз алған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тай төбеліндей ауыл Жаңа жылды ерекше тойлап отырғанын айтып, ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді. – Құрметті көпшілік! Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Табиғат-ана жаңарып, жасаратын мереке қашанда қазақ елі үшін қасиетті бола бермек. Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға береке мен бірлік, елімізге ырыс пен ынтымақ, тыныштық пен жақсылық, шаңырақтарыңызға шаттық әкелсін, — деді аудан басшысы. Сондай-ақ жастар арасында гір көтеру, футбол, волейбол, арқан тарту, шахмат ойындарынан сайыстар өтуде.

Жамбыл ауданы