Үздік дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне «ALTYN SHIPAGER» сыйлығы табысталады

12 маусым күні Бейбітшілік және келісім сарайында «Jastar jyly» жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Медициналық қызметкердің күніне орай «Жастар энергиясы – елордалық денсаулық ісінің қауіпсіз болашағы» атты ауқымды салтанатты іс-шара өтетін болады. Іс-шараның басты оқиғасы ретінде кезекті медициналық «ALTYN SHIPAGER» сыйлығын табыстау рәсімі болмақ деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Медицина саласында ерең еңбек еткен үздік дәрігерлер мен қызметкерлер 11 номинацияда марапатталады. Сыйлықты табыстау медицина саласында қоғамдық сананы жаңғыртуға, жас дәрігерлерді қолдау мен қатар отандық денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға бағытталады. Шара ауқымды шоу форматында өткізіліп, концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары қатысады. Шараның ресми басталуына дейін жүргізушілер келген қонақтармен интерактивті ойындар жүргізіп, бүгінгі жиын туралы сұхбаттасады. Қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысушылардан сұхбаттар алып, көкейдегі сауалдарына жауап ала алады. Салтанатты жиынның ресми басталуы сағат 16:00-де қала әкімі Б.Т: Сұлтановтың құттықтау сөзі мен «ALTYN SHIPAGER» сыйлығын иегерлеріне табыстаудан басталады деп күтілуде. Сондай-ақ, қалған 10 номициялармен медициналық қызметкерлерді белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері, танымал спортшылар мен еліміздің біртуар тұлғалары марапаттайды. Шақырылған қонақтар арасында ҚР Вице-премьер-министрі Абдықалыкова Г.Н, ПӘ ҚХА секретариат меңгерушісі Түймебаев Ж., ҚР Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Честнов О.П., Денсаулық сақтау министрі Біртанов Е.А., ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жұмағалиев А.Қ мен қатар қазақстандық спортшы, екінші жартылай жеңіл (IBO, 2017 — н. в.) және (WIBA, 2017 — н. в.; WBU, 2017 — н. в.) жеңіл салмақ категориясындағы әлем чемпионы Феруза Шарипова және т.б. бар.