Ұлыс оң болсын! Сиыр жылы берекелі-мерекелі жыл болсын!

Әлемді әбігерге салған тышқан жылы да тарих қойнауына кетті. Уақыт сынаптай сарғып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қазақ үшін сүтті де құтты болып саналатын Сиыр жылымен орайласа келіп отыр.

Әз-Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, ежелден жыл басы, жаңару мен жаңғыру мейрамы болған көктем мерекесі,  барша адамзат үшін, азат Қазақ елі үшін құтты жыл болсын! Әр шаңыраққа ырыс-несібе, ынтымақ-бірлік, бақ-дәулет тілейміз! Отанымыз бейбіт-берекенің бесігі болсын! Өсіп-өркендеп, мыңжылдықтарға ұласқан Ұлысты ордаға айналайық! Мерекелеріңізбен қадірлі қауым!

 

Құрметпен «ЕлАна» сайтының ұжымы!