ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ АУРУХАНАЛАРҒА 16 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ТАРТУ ЕТIЛДI

Төлеби аудандық ауруханасына Bi Group құрылыс компаниясы 3 дана оттегі концентраторын табыс етті. Сонымен қатар, «Бірлік 2020» қайырымдылық қоры Ленгір қалалық аураханасына 2 дана, «Айдың нұры» компаниясы 1 оттегі концентратор құрылғысын әперді. Осындай игі iстерден аудан азаматтары да шет қалып жатқан жоқ. Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Әмірәлиев Әли Орынбасарұлы Ленгiр қалалық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторын тарту етті. Және де «Шұғыла» қайырымдылық қоры тарапынан аудандық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторлары жеткiзiлдi. Мамандар бұл құрылғыларды науқастарға өкпені жасанды желдету аппараттарына қосымша көмек ретінде қолдануда. Індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, көмек қолдарын жандарға аурухана ұжымдары алғыстарын білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі