Тегістікте жаңа нысан салынуда

Қазіргі таңда, мәдениет саласында бірқатар оң істер өз нәтижесін беруде. Солардың қатарында, Темірбек ауылдық округінің Тегістік елді мекенінде бой көтеріп жатқан 90 орындық мәдениет үйі де бар.

Мемлекеттік бағдарлама арқасында ауылдың 30 тұрғыны жұмыс тауып, құрылысқа қатысуда.
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов пен аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Садыров аталған нысандағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мұндағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, ауыл адамдары көп ұзамай бос уақыттарын жаңа клубта өткізетін болады.

Байзақ ауданы әкімдігі