Таразда 10 қаңтарда қалың қар жауады деп күтілуде. 9-10 қаңтарда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады

9 қаңтарда Жамбыл облысының таулы аймақтарында нөсер жауын (қар аралас жауын) жауады. 10 қаңтарда облыстың оңтүстігіне, таулы аймағына қалың қар түседі. Өңірдің солтүстігі мен таулы аудандарына тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. 9-10 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде 9 қаңтарда екпіні 23 м/с күтіледі.