Танымал жаттықтырушы астана тұрғындарына тегін онлайн-дәріс өткізеді

 

 Карантин енгізілуіне байланысты астаналық тұрғындардың көпшілігі аспаздық, тігін, би және спорт жаттығуларына арналған онлайн-дәрістерге көп ден қоя бастаған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстандағы Street Workout мектебінің негізін қалаушы әлеуметтік желі арқылы төзімділік пен жылдамдықты арттырып, бұлшық еттерді жаттықтыруға арналған онлайн-дәріс өткізеді. Street Workout бойынша әлемнің және ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Айтым Жакупов «Біз біргеміз» акциясы аясында елорда тұрғындарына тегін спорттық онлайн-дәріс ұйымдастыратынын айтты. «Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамын. Осы челленджді еліміздің барлық спортшыларына жолдаймын. Біз бірге үлкен күшпіз. Біз біргеміз»,- деді Айтым Жакупов. Спортшының айтуынша, спорттық онлайн-дәрістер оның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында (@aitymzhakupov) апта сайын өткізілетін болады. Індетпен күресіп жатқан осынау қиын-қыстау уақытта танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, танымал спортшылар мен блоггерлер барша отандастарымызды қолдап онлайн-дәрістер өткізуде, көңілге медеу беретін жылы лебіздерін жолдап, ән жазып, әлеуметтік желілерде жазбаларын арнауда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі

astana.gov.kz