Т.Рысқұлов ауданында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Негізгі мерекелік шаралар Орталық алаңда ұйымдастырылып, аудандағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Т.Рысқұлов ауданында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Орталық алаңда тігілген киіз үйлерде жұртшылық ұлттық тағамнан дәм татты.

  

Жиналған қауымды және барша аудан тұрғындарын аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Аудандық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен бастау алған мерекелік іс-шарада театр актерлерін жыл басы туралы қойылым сахналанса, әнші, бишілердің де өнері, жиналғандардың көңілін көтерді.

  

Мерекеге орай 10-нан аса киіз үй тігіліп, ақ дастарқан жайылды. Барлығы да ертемен тұрғындарды қабылдап, ұлттық тағам түрлері мен наурыз көжелер үлестірді.

  

Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік думанды көруге келгендердің қатары көп болды. Орталық алаңдағы ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлеріне белсене қатысты. Мәселен, қой көтеру, қазақ күресі көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Жұртшылық бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

  

Ұлыстың ұлы күніне арналған негізгі мерекелік шара аудан тұрғындарының көңілінен шықты. Наурыз мейрамы — ауданның барлық ауылдық округтерінде өз жалғасын табатын болады.

  

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы