ТӨЛ АЛУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Көктем келіп, төрт-түліктің төлдеп жатқан кезі қазір. Қытымыр қыс ақұлпа ақпаннан соң сақпан басталып, бүгінде қой қоздап, түйе боздап, қорада шу болып жатқан шақ. «Мал өсірсең қой өсір, оның өнімі көл-көсір» дейтін ағайын шығынсыз төл алу үшін уақытын да, күш-қайраттарын да аяп жатқан жоқ.
Аймақта биыл мал төлдету науқанына 3 205 269 бас саулық, 219 827 бас сиыр, 74 843 бас бие, 4 119 бас інген түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 1 646 255 басқа артты.
Бүгінгі күні шаруашылықтардағы төрт-түліктен 466 523 бас қозы, 65 537 бас бұзау, 13 421 бас құлын, 677 бас бота алынды.
Қазіргі уақытта төл алу науқаны жалғасуда. Барлық агроқұрылымдарда науқанға алдын-ала дайындық жасалып, қажетті шаралар белгіленген. Шалғайда орналасқан шаруа қожалықтары қосымша жұмыс күшімен, қажетті мал азығымен толық қамтамасыз етілген.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы