Су жүру каналдарының сапасын арттыру

Су ресурсының алатын орны ерекше. Әсіресе кейінгі жылдары судың тапшылығы сезілген сайын, оның маңызы одан сайын артуда. Осы орайда аудандағы тозығы жеткен су жүру каналдарын (лоток) қайта жаңғырту мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мамандар су көздерін үнемдеуге басымдық беру, ағын сулардың толық келуі кезек күттірмейтін мәселе екенін атап өтті. Су жүру каналдарының сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі