«Стрит-воркаут» пен балалар ойын алаңшасы ашылды

Қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші – адамның денсаулығы.
Ал, спорт – денсаулықтың кепілі. Денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақ – ел болашағы.
Сондықтан да, саланың дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді.
Біздің ауданда да бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл сайын көптеген спорттық нысандар мен бүлдіршіндерге арналған алаңшалар ашылуда.
Бүгін Жаңатас қаласындағы 3 шағын ауданындағы балалар ойын алаңшасы ашылды.

 

 

Тәуелсіздіктің арқасында егеменді еліміз көркейіп, даму жолында, қаншама игілікті істер атқарылып, ел игілігіне берілуде.
Заман талабына сай бұл «стрит-воркаут» пен балалар ойын алаңшасы қала тұрғындарының спортпен айналысуына кең мүмкіндік беріп, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға септігін тигізері сөзсіз.
Соның бірі Жаңатас қаласынан тағы бір «стрит-воркаут» пен балалар ойын алаңының ашылуы аудан әкімінің қолдауымен, мердігер «Герун – Жаңатас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қалалықтарды қуанышқа бөледі.

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жас жеткіншектеріміздің бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылданып, шымыр да сергек,денсаулықтарының мықты болуына үлкен жол ашылды. Тұрғындар қуанышымен аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов бөлісіп, спортпен шұғылданып жатқан балалар өнерін тамашалады.

 

 

Балалық шақ, балдәурен – деп, осы ойын алаңының ашылғанына қуанып, асыр салып ойнап, шаттыққа бөленіп жүрген балалар да өздерінің қуаныштарымен бөлісті.
Алқызыл лента қиылып, шаттықтың шашуы- шашылды.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы