ШЕРТАЕВА – «ПАРАСАТТЫ КӨШБАСШЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Жуырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және облыс әкімдігі білім басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауы өтті.
Байқауға Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы, облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының мектеп директорлары қатысты.
Байқауға қатысқан 57 мектеп басшысының 13-і облыстық кезеңге жолдама алды. Екінші кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары қызметінің нәтижелігі мен адами құндылықтарды насихаттау, парасатты көшбасшылық қатынастарды қалыптастыру және нығайту бағытында орамды ойлары мен тамырын тереңге жайған жат қылық – сыбайластық құбылыстарына нөлдік төзімділікті қалыптастыруға негізделген жүмыстары сарапқа салынды.
Күні бойы жалғасқан байқауда Айша бибі орта мекбетінің директоры Бахыт Шертаева бас жүлдені иеленіп, «Адалдық алаңы» ҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен облысы әкімдігі білім басқармасының арнайы дипломдарымен, номинациялармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жамбыл ауданы әкімдігі