Сарысуда амал күні тойлануда

Сарысу ауданында 14 наурыз – Амал күні ерекше тойлануда. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтады. Аудан әкімдігіне қарасты мекемелер және кәсіпорындар, қала тұрғындары ұлттық киімдерін киіп, бір-бірлеріне арнайы барып, көрісіп, бауырсақ, қымыз, шұбаттан ауыз тиді.

Бұл күні —адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін, өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысатын күні.

Шара барысында ұлттық өнеріміз дәріптеліп, ұлттық киімдер насихатталып, қызметкерлердің арасындағы сыйластық нығая түсті. Ақсақалдар ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп ақ бата берсе, жастар жағы бірлікті нығайтқан шараның тереңдігін атап өтті.