Сарысуда 891 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттады

Бүгін барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталып, алғашқы қоңырау соғылды.

Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының салтанатты іс-шарасына қатысып, жаңа оқу жылына қадам басқан оқушыларды «Білім күнімен» құттықтадым.

Аудан бойынша 9 мыңнан аса оқушы мектепте оқитын болса, оның ішінде 891 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1 сыныпқа қабылданды.


Марат Сұлтанғалиев,
Cарысу ауданының әкімі