Сарысу ауданында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 50 адам білім алған

Сарысу ауданында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлайтын қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 50 адам жолдама алып, бюджеттен 11, 4 млн.теңге қарастырылған.
Есепті мерзімде жоспар бойынша 50 адамның барлығы қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен.
Айта кету керек, қысқа мерзімді оқыту курстарына жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген 18 жастан асқан және зейнет жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.
Сонымен қатар, жоба шеңберінде 2022 жылы 87 азаматшаның 67-і «Enbek.kz» платформасы арқылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін онлайн курстарға жолдама алған.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі