СҰЛУТӨР АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қарой ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізіп, өткен жылы ауылдық округке және ауданда атқарылған жұмыстардың барысын баяндады.

Есептік кездесуде ауылдық округтің әкімі Әсет Үрпеков атқарылған ауылдағы тірліктерге тоқталды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Жиында ауыл азаматтары бірқатар мәселені алға тартты.
Оның ішінде егін су, жарықтандыру бар.
Өз кезегінде Ерлан Қыдыралыұлы ұсыныс-пікірлер назарға алынғанын, жыл ішінде шешімін табатын мәселелерді атап өтті.

Жамбыл ауданы әкімдігі