РИЗАШЫЛЫҒЫМ ШЕКСІЗ!

БҮГІНГІ  ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҒЫМДЫ  ӨЗДЕРІҢІЗБЕН БӨЛІСУДІ  МІНДЕТІМ  ДЕП САНАДЫМ 

 Бес жылдан аса уақытқа созылған пәтер мәселесіне нүкте қойылып, отбасыммен керемет көңіл күйдеміз. Өзімнің  төбем көкке жеткендей күйде отырмын.

Естеріңізде болса, 2017 жылы, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  маған 3 бөлмелі пәтердің кілті салтанатты жағдайда тапсырылған еді. Кілт алғанда менімен бірге қуанғандарың есімде… Баспаналы болғаныммен басшылар ауысып кетіп, пәтер толық заңдастырылмай қалды.  Осы күнге дейін пәтер  тұрғын үйді салған құрылыс компаниясының меншігінде тұрды. «Күндердің күнінде пәтерді босат десе, қайтемін?» деген уайыммен талай таңды атырып, талай кешті батырдым. Осы мәселемен қаншама кісілерден көмек сұрадым. Қақпаған есігім қалмады.  Жүйке тозды отбасым уайымдаумен болды .Өздеріңде  жанкүйерім болып менімен бірге қиналдыңдар.  «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, Жамбыл облысының әкімі Нұржан  Нұржігітов әкім болып келгеннен 3 айдан кейін қабылдауында болдым.  Менің қуанғаным,  сөзімді бөлмей мұқият тыңдады  «жазбаша  арызыңды тіркеп өткіз» деді. Бірден жауапты  азаматтарды шақырып тапсырма берді…

Міне Н. Нұржігітовтің бақылауында жылдар бойы шешімін таппаған мәселе оң шешілді. Тиісті құжатты қолымызға алып, осы жағымды жаңалықты өздеріңізге жеткізуге асықтым. » Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»  Аймақтық ақпарат саласындағы еңбегімізді бағалап, отбасымды қуанышқа бөлеген, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Молдиярұлына  алғысым шексіз, Алла разы болсын..!

ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН, ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!
Алтынбек Қартабай