ҚҰЛЖА АТАУЫ ҚАЙ ХАЛЫҚТАН ҚАЛҒАН?

Ұлы Юечжлердің Құржа, Құлжа деп аталған бөлегі Орта Азиядан Пәкістанның шығысындағы таулы аймаққа қоныс аударған. Олар 6 ғасырда Үндістанда Құлжара(Құржара) мемлекетін құрған. Олар тұрақтап бір жерде тұрмай көшіп-қонып жүрген малшы қауым еді. Ерек деп аталатын рицарлар тобы құрылып, ол жергілікті тілде ражпу деп аталды. Құлжалардың дәурені 10 ғасырдың басына дейін жалғасқан. Олардың ұзақ уақыт мекендеген жерінде бүгінгі Гужарат штатының атауы қалыптасты. Моғолдар патшалығы кезінде олар мекен еткен аумақтар Гуржаратра, Гуржарадеса деген аттармен аталып тұрды. Моғолдар оларды гуржар(құлжар) деген атпен естелікке көптеп алған. Олар Моғолдар дәуірінде ислам, үнді қатарлы бірнеше дінді ұстанды, тілі күшәр тілі деп аталатын. Солтүстік Пенжаб өлкесінде олар көп болып, ол жерлерде олардың атына байланысты аталған Құжыран, Құжарат, Құжархан қалалары бар. Олар Кашмир жаққа, Гималайдың салқын жондарына шоғырданған. Құлжа(Құржа) атауы ең алғаш 630 жылы жазылған Қаржауархан патшаның тарихы туралы кітапта айтылады. Қаржауар деп, қысқаша Қарша деп аталған патшаның әкесі Қарауарханның Құржаларға хауіп төндіруші патша болғаны айтылады. Осы құлжаларға хауіп төндірген Қарауархан деген адамдардың атында хан титулының қосылып айтылуы олардың да көшпелік тегін аңғартады. Олар ақ ғұндарға қарсы шайқаста жеңіске жеткен Үндістанның ескі Бархан династиясының өкілдері. Құлжалардың ата мекендері Іле, Тарбағатай, Зайсан көлі айналасында болған. Олардың ата күлдіктері ретінде Құлжа, Қалжат, Құжырты, Ұржар(Құржар), Қалжыр(Құлжар), Күшәр деген жер атаулары қалған. Олар Кашмирға Ақсу аймағы жағынан жылжып барған. Олардың Үндістан жерінде жауынгер халық ретінде әйгілі болуы жергілікті Гупта билігінің құлауынан кейін орын алды.