«Қазақстан Барысы» суперфиналында Қарағанды облысының намысын кім қорғайтыны белгілі болды

Қарағандыда «Жастар» спорт кешенінде қазақ күресінен «Сарыарқа Барысы» облыстық турнирі өтті. Кіл мықты палуан атағы үшін 26 спортшы күресті. Бұқар Жырау ауданынан Ерқанат Молдағұлов жеңіске жетті.

Екінші орынды Шет ауданының тумасы Ақжігіт Оралов иеленді. Үшінші орынды Жезқазғаннан келген балуан Бекзат Ермеков иеленді.

 

 

— Бұл турнир 11-ші рет өткізіліп отыр. Біздің ұлттық спорт түрі жыл сайын танымал болуда. Жас балуандардың саны артып келеді. Өңірлік турлардың нәтижелері бойынша екі мықты адам «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады, — деп атап өтті «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту Қорының спортменеджері Жасұлан Мұсабеков.

Биыл «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі 3 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтеді. Қарағанды облысының намысын Ерқанат Молдағұлов пен Ақжігіт Оралов қорғайтын болады.

 

Жомарт Шаймұрат