Қарағанды облысының тұрғындарын КВИ-ға қарсы күрес бойынша үздік үгіт-насихат материалдары байқауына қатысуға шақырады

«Saryarqa Aqparat» медиахолдингі Қарағанды облысының жетекші БАҚ өкілдерімен бірлесіп «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қолдауымен коронавируспен күрес тақырыбындағы үздік үгіт-насихат материалдарына байқау жариялайды.
Байқауға Қазақстан Республикасының кез келген тұрғыны қатыса алады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарды кез келген түрде — видео, фото, сурет, коллаж, графикалық дизайн, өлең, ән т.б. беруге болады.
Қатысушы әртүрлі номинацияға түрлі жұмыстарын жібере алады. Бір қатысушының бірнеше жұмыс ұсынуына шектеу жоқ.
Конкурс 4 номинациядан тұрады:
1. ВИРУСҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК.
Аталған номинацияға коронавируспен күреске бағытталған бейнероликтер ұсынылады. Роликтерді қазақ немесе орыс тіліндегі мәтінмен беруге болады. Роликтің ұзақтығы 120 секундтан аспауы тиіс.
2. ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ.
Бұл номинацияға шағын және орта бизнес өкілдері, яғни кәсібі тікелей тұтынушылармен тығыз байланысты – кафе, мейрамхана, кинотеатр, сауда орындары, дүкендер мен өзге де мекемелердің иелері қатыса алады. Қатысушылар байқауға роликтер, посттар, тик-токтар және өз кәсіпорнындағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын баяндап, жұртты сақтануға шақыратын өзге де материалдарды ұсынады.
3. АНТИВИРУС БОЯУЛАРЫ.
Аталған номинацияға 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар коронавируспен күрес тақырыбындағы суреттерін жолдай алады.
4. БЕТПЕРДЕ КИГЕН АДАМ.
Бұл номинацияға кез келген жерде (көлік, емхана, жұмыс орны, жеке автокөлік, вокзал, көшеде) сақтық шараларын сақтауға шақыратын түрлі материалдар қатысады. Жұмыстарға қосымша автор өзінің және айналасындағы адамдардың бетперде киген, қашықтық сақтаған, антисептик қолданып жатқан фотосын (бірнеше фотоға рұқсат) қоса жолдауына болады.
Конкурс шарттары
Міндетті шарт! Материалдар #АнтиКовидKrg хэштегімен жариялануы керек.
Байқауға қатысушылар жұмыстарын Instagram, Facebook және т. б. әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзі қатысатын номинацияны көрсете отырып, қазақ немесе орыс тілінде аталған хэштегімен жариялайды. Сондай-ақ, Life.09_ Instagram парақшасына жазылып, сілтеме жасауы шарт.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Конкурс өткізу кезеңінде қатысушылардың жеке парақшалары ашық болуы тиіс.
Үміткердің байқауға қатысқанын жіберілген материалдың Life.09_ парақшасы сторисіне жариялануы нақтылайды.
Сұрақтар бойынша осы номерге хабарласуға болады: 8-701-427-75-20.
Конкурсты өткізу мерзімі
Байқау 2020 жылғы 1-25 қараша аралығында өткізіледі.
Байқау қорытындысы 2020 жылғы 26 қарашадан 29 қарашаға дейін шығарылады.
Жеңімпаздар 2020 жылғы 30 қарашада жарияланады.
Конкурс қорытындысын шығару
Конкурстың жеңімпаздарын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Жұмыстарды бағалау кезінде мазмұндық және техникалық сапасы ескеріледі.
Мазмұндық бағалау талаптары:
— жұмыстың ұсынылған тақырыпқа сәйкестігі;
— тақырыпты ашудың дәйектілігі мен тереңдігі және айқындығы;
— материалдың креативтілігі (идеяның жаңалығы, бірегейлігі, терең ойлау қабілеті);
— бірегейлігі.
Техникалық бағалау талаптары:
— видеотүсірілім, фото, графикалық және өзге де материалдардың сапасы;
— эстетикалық нормаларға сай болуы.
Әр номинация бойынша 5 жеңімпаз анықталады. Жалпы 4 номинация бойынша 20 жеңімпаз таңдалады.
Жеңімпаздардың әрқайсы 50 000 теңгеден ақшалай сыйақымен марапатталады.
Жеңімпаздар 2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Life.09_ Instagram парақшасында жарияланады.