Олимпиада ойындары келесі жылға қалдырылды

Олимпиада ойындары келесі жылға қалдырылды 2020 жылғы 24 наурыз 19:19Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абе Халықаралық Олимпиада комитетінен жазғы Токиода өтетін Олимпиада ойындарын коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдыруды сұрады. ХОК осыған келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Коронавирус: 2 ел Олимпиадаға қатыспайтындықтарын мәлімдеді Олимпиада алауы Токиоға аттанды Қазақстандық спортшылар Олимпиадаға дайындықты жалғастыра береді — министрлік Токио-2020 және ХОК ұйымдастыру комитеті ДДСҰ ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады Синдзо Абе Олимпиада тоқтатылмайтынын тек уақыты шегерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Токио Олимпиада және Паралимпиада ойындарын коронавирус инфекциясынан жеңісі ретінде өткізеді. Жапония премьері Олимпиада өтетін мерзімді нақты жарияламады, оның айтуынша ол 2021 жылдың жазынан бұрын өткізілмейді.