Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қадірменді жамбылдықтар!

Баршаңызды Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Қасиетті рамазан айына баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын.

Ораза айы әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.

Халқымыздың мәдениетінің алтын өзегі Ислам дінінің негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан біздің діни таным-тарихымыздың тамыры ешқашан үзілген емес. Сол себепті ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дініміздің қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың бойына киелі Отаны мен қасиетті жеріне деген ыстық ықыласты, сүйіспеншілікті қалыптастыруымыз қажет.

Қадірлі жерлестер!

Ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз бен құлшылық-ғибадаттарыңыз қабыл болсын! Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік, жерімізге тыныштық нәсіп етсін!

©️Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі