Ноғайбайдағы көкпары

Көрісу күніне орай Қордай ауылының «Ноғайбай» атшабарында ұлттық ат спорт түрі көкпардан жарыс ұйымдастырылды.

Аталған шараға Қаракемер, Өтеген, Қарасу, Шарбақты, Ноғайбай, Степной және Жаңатұрмыс ауылдарының атбегілері мен көкпаршылары қатысты.
Көкпар десе ішкен асын жерге қоятын жігіттер тартысты кездесулер өткізіп, әркім өз командасының абыройы үшін лайықты қарсылық көрсете білді.

Қордай ауданының әкімдігі