НҰРАСЫЛ — ӘЛЕМДІК ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

Жуырда ғана жерлесіміз, шулық таэквондошы Нұрасыл Қуандық Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен халықаралық жарыста топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.
Өткен жылдың наурыз айында ғана шығыс жекпе-жегінің шебері Нұрасыл таэквондодан жастар арасында ел чемпионы атанған еді. Ол осы жетістігінің арқасында Азия біріншілігіне жолдама алған.
Енді міне, араға уақыт салып, Нұрасыл күні кеше ғана халықаралық додада топ жарып отыр. Қазірдің өзінде еліміздің үш дүркін жеңімпазы атанып үлгерген Нұрасыл бүгінде ҚР спорт шебері атанды.
Осыған байланысты жерлесімізді, оның ата-анасы мен жаттықтырушысын арнайы қабылдап, әлемдік додадан жеңімпаз болып оралуымен құттықтап, аудан жұртшылығы атынан алғыс білдірдік. Ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Нұрасыл биылғы жылы да бірнеше халықаралық жарыстарда бақ сынамақ. Өз кезегінде Нұрасылдың алдағы додаларда топ жаратынына сенім білдіріп, сәттілік тіледік.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі