Мәжіліс Төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

Нұр-Сұлтан, 11 наурыз, Мәжіліс үйі.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы  4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы  16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», –  деп жазылған Өкім мәтінінде.