МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС САНЫ ӨСКЕН ЖОҚ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Эльвира Касанова мәлімдеді.

Облыс көлемінде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында, жергілікті полиция қызметімен «Түнгі қаладағы балалар» «Жасөспірім — олардың түнгі уақытта ойын — сауық мекемелерінде болуы және ойын — сауық мекемелерінде бала еңбегін қолдану» және тағы басқа әр-түрлі жедел-сауықтыру іс-шараларды ұйымдасытырып өткізілді, аталған тақырыпта ақпараттармен фото-видео материалдар жарық көрді.

Жыл басынан 600 рет, оның ішінде 500 рет орта білім беру ұйымдарында оқушылармен тәрбиелік-насихаттық мәні бар кездесу жұмыстары жүзеге асырылды.

Облыстағы білім беру ұйымдарына өзімен бірге қару, кесетін-тығатын заттарды алып жүретін оқушылар туралы мәлімет жинауға және анықтау үшін жұмыстар жасалды.

Алайда, атқарылып жатқан іс-шараларға қарамастан, облыс көлемінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны – 13 былтырғы жылмен тең.

Есептік мерзімде тіркелген 13 қылмыстың бұзақылық пен ұрлық, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында тіркелген жоқ. Маңғыстау, Қарақия аудандарында 1 қылмыстан орын алған.

Жоғарыда аталған 13 қылмысты жасы 14-17 аралығында, 15 жасөспірім жасады (2019 жылы 13 қылмысты – 13 жасөспірім), оның ішінде:

білім беру ұйымдарының білім алушылары – 12 оқушы,(2019 жыл 13 оқушы);

3(2019 жыл -5) жасөспірім колледж оқушысы;

9 (2019 жылы 8) орта мектепте оқиды.

Облыс аумағында төтенше жағдайға қарамастан 4-қылмыс дерегі орын алып отыр. Оның ішінде:

Ақтау каласында2 қылмыс орын алған — ҚР ҚК 293 б.(бұзақылық).

Бейнеу ауданында 1-қылмыс орын алған — ҚР ҚК 293 б.(бұзақылық).

Қаракия ауданында ауыр 1-қылмыс орын алған — ҚР ҚК 293 б.(бұзақылық).

Кәмлетке толмағандармен әр түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, 2991 ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2019-3816).

Оның ішінде: «Нөлдік төзімділік» қағидатын бұзу бойынша:

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптары бойынша:

— 132 бап-Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру – 43 (2019ж. – 37),

— 442 бап-(Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) — 1098 (2019ж. – 1208).

Ювеналдық полиция қызметі тарапынан әкімшіліқ жауапкершілікке тартылған, облыс бойынша: ҚР ӘҚБтК-нің 127-бап (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) – 78 (2019-12); ҚР ӘҚБтК-нің 128-бап (кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту) -2(2019-3); ҚР ӘҚБтК-нің 133-бап (он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) -8(2019-4); ҚР ӘҚБтК-нің 200-бап (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) -26(2019-6); ҚР ӘҚБтК-нің 435-бап (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) — 9(2019-3); ҚР ӘҚБтК-нің 440-бап (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 12(2019-16).

Ювеналдық полиция қызметкерлерімен жасөспірімдердің құқығын қорғау комиссия қарауына (КЗПН)-102 (2019-181) материал жолданды, оның ішінде:

ата-аналар құқығынан айыру бойынша – 15(2019ж.-17),

ата-ана құқығын шектеу бойынша –14(2019ж.-14),

арнайы оқу орнына орналастыру үшін –11(2019ж.-16) /МОСППШИ/,

жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды /ЦАН УО/ — 89(2019-147).

Жіберілген кемшіліктердің себеп салдары зерделеніп, болжам — жоспар жасалды және оның орындалысын белгіленген уақытында ұйымдастыру бақылауға алынды.

Есебімді аяқтай келе, қоғамдық тәртіппен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар одан әрі өз жалғасын табады.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы білім басқармасымен, орын алған келеңсіз жағдайларды болдырмау, кәмелетке толмағандарды арасында қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын-алу,ата-аналар жиналысын жүйелі түрде жүргізу, кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне жауапты тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында педагогикалық кеңесті қашықтықтан ON-Iine режиміндежүйелі түрде өткізіліде.

Көрсетілген қылмысты болуына жол бермеу және алдын алу мақсатында жағдайларды қарау, зерделуге, жасөспірімдердің оқу орны бойынша тәрбиесіне жауапты тұлғалардың жасөспірімді толықтай қадағалау жүргізуде.

ПО есебінде 190 (2019 -215 )жасөспірім тұр. Сонымен қатар – 107 (2019ж.-131) жасөспірім есепке алынды.

ПО есебінде 194 (2019ж.- 147) қолайсыз отбасы тұр. Сонымен қатар – 109 (2019ж.-105) қолайсыз отбасы есепке алынды.

МО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ