Көңіл-күйіңіз түссе, оқыңыз…

— Әлдекім үшін сен — өмірдің мәнісің…
— Сенің күлкің сені ұнатпайтын жандарды да қуантуы мүмкін…
— Әлдекім әр түні ұйқыға жатар алдын сені ойлайды…
— Біреу-міреудің сені жек көруіне жиі себеп: Oл саған еліктейді…
— Жер бетінде сен үшін жанын қиюға даяр кемінде 2 адам бар…
— Кемінде 13 адам сені өзінше жақсы көреді…
— Әр күні өкінішпен оянуға өмір тым қысқа…
— Сенімен дұрыс араласатын адамдарды жақсы көр, ал сені жаратпайтын адамдарды ұмыт және бәрінің де себебі бар екенін біл…
— Өміріңде ең үлкен ағаттық жіберсең де, сол қателіктің соңынан бір жақсылық келеді…
— Өмір өзіңнен теріс айналды деп ойласаң, онда өмірге басқа қырынан қара…
— Әрдайым жадыңда ұста: Өмір саған тағы бір мүмкіндік берсе, онда сенің жолың болады…
— Егер саған мүмкіндік берілсе, оны пайдалан! Егер осы мүмкіндік сенің өміріңді жақсы жаққа өзгертсе, шүкіршілік ет!
— «Бұл — оңай» деп айтқан ешкім жоқ. Олар мұның тәуекел етуге лайық екенін айтты.