ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – БАСТЫ ҰСТАНЫМ

Билік пен халық арасында тұрақты диалог орнату қоғамның береке-бірлігі бекем болуына ықпал ететінін айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың өтініш-тілектерін жедел қарастыру үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғаны мәлім.
«Бұл – өте маңызды әрі қажет бастама. Шенеуніктердің міндеті – ең алдымен, халыққа қызмет ету. Олар ел-жұрттың мұң-мұқтажына құлақ аспағанда кімге құлақ асады?!

 

 

Осы қағидатты барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің санасына сіңірген жөн» деген болатын Президент.
Осы орайда Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов әдеттегідей адалдық алаңында азаматтарды жеке қабылдады.

 

Қабылдауға келген тұрғындардың талап-тілектерін тыңдай отырып, қала, ауыл әкімдеріне және бөлім басшыларына халықтың ұсыныс-тілегін тыңдап қана қоймай, туындаған мәселені жедел шешудің жолын қарастыруды тапсырып, тұрғындармен қоян-қолтық жұмыс істеуді талап етті.
Бүгінде қала, ауыл әкімдері арасында да халықпен ашық диалог орнату бағытында аудан басшысы тарапынан нақты жоспарлар жасалуда.

 

Халықпен бетпе-бет кездесіп, талап-тілектерін тыңдар аудан басшысы барда алда аудан абыройы асқақтап, халық пен билік арасында алтын көпір орнары анық.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы