Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СOME» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 21.03.23 ж. сағ: 22:47:30 (21 наурыз 2023 ж. 16:47:30 GMT) шамасында жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым жердегі Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 16.1. MPV магнитудасы 7,8.
Эпицентр координаттары 37,00° солтүстік 71,12° E , тереңдігі 120 км. Сезілу деңгейі МСК-64 шкаласы бойынша Тараз қаласында 3 баллды құрады.
Жер сілкінісінің ошағы Тараз қаласының алыста орналасқандықтан қауіптілік туындап отырған жоқ.
Сабырлыққа шақырып, тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз!
Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Тараз қаласының әкімдігі