Еске алу

Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылында 1984 жылы дүниеге келген Нүсипов Ерлан Сләмұлы сыныптасымыз өткен 2020 жылдың желтоқсан айында, сұм ажал досымызды арамыздан алып кетті. Анасы ұстазымыз Бағила тәтидің, жарының және туыстарының  орны толмас қайғысына көңіл айта отырып Әділжан сыныптасының өлең жолдарын жолдаймыз.

Арнау

Елжіреп өскен бәйтерек,
Қартайған бойда құладың.
Сол бейнең сенің есімде,

Мәңгіге есте қаласың.

Сұм ажал қиды жолыңды,
Көңілден кеттің құр  еріп.
Жоқ деп айтуға досымды,
Ауырып тұр ғой жүрегім.

Күлімдеп ғана тұрушы ең,
Тындырып үлкен шаруаны.
Жанұяның қамы деп,
Ақылмен ғана салалы.

Көз жасын ана бұлады,
Бәйтерегі сынып құлады.
Ерте сөнді-ау ғұмырың,
Амал бар ма тағдырың.

Қош бол Ерлан қош, қош,
Сыныптасым жолдасым.
Мәңгі есте қаласың,
Жатқан жерің жайлы боп,
Төрінен болсын жұмақтың.
Қош,қош,қош.

Бірге оқыған сыныптастарынан