ЕРТЕГІ—ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

«Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Тараз қаласы ардагерлер кеңесінің жанындағы Аналар алқасының мүшесі Пірәлиева Нұржамал Тілеуқұлқызы қаладағы «Ер Төстік» балабақшасына барып, балақайларға ертегілер мен аңыз-әңгімелер айтып берді.

Нұржамал әжей «Алма», «Бауырсақ» тақырыбындағы және жан-жануарлар турасындағы ертегі айтты. Балалар бар ықыласымен тыңдады.
Әжей балақайларға өзі ала келген бауырсақ пен алмасын үлестіріп берді. Балабақша әкімшілігі алғыстарын білдірді.

Анаға Тағзым Орталығы