Емдік қасиеті бар үш өсімдік

Көне көз қариялардың көзін көріп өскен адам ретінде назарларыңызға пайдасы болмаса, зияны тимейтін емдік қасиеті бар үш өсімдікті ұсынуды жөн көрдім.

1. Жусан. Шаңсорғышты ұмытып, үйді жусанмен сыпыруды әдетке айналдырсаңыз өсімдіктің иісі құрт-құмырсқамен қатар ауа арқылы таралатын зиянды бактериялардың көзін жояды.
2. Адыраспан. Адыраспанды тұтатып, иіс шығаруды бәрі білетін шығар. Бірақ адыраспанмен суға түсуді біреу білсе, біреу білмес. Бұл процедура тәнді тері ауруларынан айықтырып, тәннің сан қилы ауруларға төтеп беретін қорғаныш қабатын қалыптастырады.
3. Ермен қурай. Қазақта: «Ермен бар жерде ер өлмейді» деген сөз бар. Бұл сөз ермен қурайдың еш қоспасыз табиғи антибиотик екенін көрсетеді. Емдік өсімдікті (ермен) қайнатып тұнбасын шай, су орнына ішіп тұрсаңыз иммунитетіңіз күшейген үстіне күшейе түспек.
P.S. Бұл деректер көңіліңізден шықса, таратып жіберуіңізді сұраймын. Аты жаман індетке бабадан келе жатқан емдік өсімдіктермен қарсы тұрайық.