Ел не демейді…

— Білім алсаң, оқи бергеннен не пайда, мәңгі студент болып өтем дейсің бе? дейді
— Жоғары білім алмасаң, білімсіз надан болып жүр ғой, ақылы да аз, университетке түсе алмай қалған дейді.
— Күйеуге ерте шықса, «байда басы қалғыр, көтеріп қойған ғой» дейді.
— Күйеуге кеш шықса, «Жүріп, жүріп, әйтеуір шықты ғой, әйтпесе кім алады дейсің» дейді…
— Бай жігітке тисең, ақшасына қызыққан ғой дейді.
— Кедей жігітке шықсаң, басқа ешкім қарамаған ғой дейді.
— Балаң көп болса, топырлатып туа бергенше, жұмыс істемей ме дейді.
— Бала тумаса, карьера қуған сорлы, баладан артық кім бар дейді…
— Баспанаң болмаса, хотя бы бір бөлмелі үй алмадыңдар ма дейді.
— Бір бөлмелі үйің болса, қуықтай жерге қалай сыйып жүрсіңдер дейді.
— Үлкен үйің болса, байлығыңнан қара халыққа бөліп бермейсің бе дейді…
— Арық болсаң, қу сүйегің қалыпты, мынау не скелет дейді.
— Семіз болсаң, арықтамайсың ба дейді.
— Орамал тағып жүрсең, қазақ емес, араб болғансың, біздің қазақ бұлай киінбеген дейді
— Ашық киінсең, шашы жалбыраған жалмауыз, киім қапылып қалды ма дейді.
— Қарапайым киінсе, шубаға ақша жетпеген ғой бишараға дейді.
-Шуба кисең, «норканы бәрі киеді, соболь алмадың ба»дейді.

Осылай кете береді.
Ал Алла Елшісі (с.а.у): 
«Шынында, адам баласы күнәнің көбісін тілінен табады» деді…