DULATY UNIVERSITY МЕН YILDIRIM HOLDING, QAZAQSODA АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов пен Yildirim Holding компаниясының атқарушы директоры Джейлан Исмаил, «QazaqSoda» ЖШС-нің директоры Рамазан Ибраимов өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
Келісімге сәйкес Дулати университетінің студенттері «Qazaq Soda» ЖШС-нің Сарысу ауданында ашатын сода зауытында өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналаса алады. Сонымен қатар, профессор-оқытушылары, ғалымдары, докторанттар мен магистранттар келісімшарттық зерттеулерді жүргізетін болады.

Бұл Меморандум жас зерттеушілердің ғылыми-техникалық кеңістікте іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуіне, ғалымдардың жаңа жобаларын іске асыруға сараптамалық қызметті ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге жол ашады. Сондай-ақ өзара әріптестік туралы келісім –Дулати университетінің қосымша кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың инновациялық модельдерін әзірлеуі үшін үлкен мүмкіндік.
Ал «Qazaq Soda» ЖШС зауытқа керек маман даярлау үшін Дулати университетімен әріптестік серіктестік орнату аса қажет.

Gulmira Amalbekova