ДӘМЕТУ дегеніміз не?

«Дәметкен сары майдан кеудең құрсын» (халық өлеңі)
✅Дәметудің әр түрі бар. Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек. Жас балалар мен келіндер ата-енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дәмететін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе – оның меселін қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі ісіп кетеді.
Бұл – өмір шындығы.
✅Ал үлкен кісілер, аналар, әжелер жас келіншегі бар үйге дәметіп қалар деп қашанда қалтасына дәм-тұзын сала жүреді.
Бұл – әркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым.

✍️Әзімқұлова Мая. Орталықтың ғылыми қызметкері.