БІРҚАТАР АУЫЛ МАҢЫНА ГАЗ ЖЕЛІСІ ЖЕТТІ

Биыл Жамбыл ауданындағы 9 елдімекенге жүргізілген газ құбыры кезең кезеңімен ауыл маңына жеткізілуде.

Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер тарапынан ақауларды жою және қайта қысымдап тексеру жұмыстарын жүргізілуде. Бүгінгі күнге Шайдана, Ерназар, Өрнек, Көлқайнар, Еңбек, Тастөбе, Рахат ауылдары мен Жұма станциясы табиғи газға қосылуға толық дайын.
Жуырда ауылішілік газ желісін жүргізген мердігерлермен аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен «ҚазТрансГаз» Жамбыл аудандық газ мекемесінің директоры Сағатбек Күлекеев жолығып, газ желісін тағы бір пысықтап, ақауларды реттеу, қалыпты газ қысымын тексеру керектігін тағы бір пысықтау керектігін айтты
Бүгінде Тастөбе, Рахат, Шайдана, Еңбек, Рахат ауылдарындағы ШРП-ға табиғи отын жеткізілді.
Ендігі кезекте талаптарға сәйкес орнатылған газ пештері бар аулаларға газ беріледі. Ауыл тұрғындары газ құжаттарын реттеп, арнайы пештерді стандарттық талаптарға сай орнатуы ауылдағы газбен қамту көрсеткішіне оң әсерін тигізбек.

Жамбыл ауданы әкімдігі