Би шешендер сөзі

Жиренше шешен мен Қарашаш анаға бір жиында сол тұстағы хан Әз-Жәнібек әзілдеп, сенің балаң неге сонша момын, бір жарарлығы жоқ, әкесі сен, шешесі Қарашаш болса деген екен. Сонда Жирнеше кей адамның сырты тот, іші алтын болады, уақыт өте келе түлеп, алтыны сыртқа шығады, менің баламды 20 жылдан кейін көріңіз, бұлай болмаса Жиренше атым құрысын деп, ренжіпті. Жылдар өтіп Жиренше мен Қарашаш ана өмірден өтеді, баласы ер жетеді. Жаугершілік күн туып, Әз-Жәнібек жаудың ортасында жаяу қалады. Сол кезде бір жас жігіт шауып келіп, арғымағын ұсынады. Мініңіз, жаудан құтылыңыз дейді, өзің не істейсің деген ханға, «сіз сияқты тұлға 1000 жылда бір келуі мүмкін, мен сияқты бала қазақтың бір әйелі буаз болса бүгін-ақ дүниеге келер» дейді. Ел тынышталып, Жәнібек хан әлгі баланы сұрастырады, Жиренше шешеннің баласы екенін біледі де, өмірден өткен Жиренше мен Қарашаштың көңіліне қаяу салғанына қатты өкінген екен деседі.