БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ

Жақында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ауданның дамуына елеулі
үлес қосып, абыройлы еңбек еткен «Мөлдір» КМК-ның басшысы Ақылбай Баялиевті құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтап, сый-құрмет көрсетіп, ізгітілегін білдірді.
–Сізді 63 жасқа толған туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұзақ жылғы үздіксіз еңбек жолыңызда өзіңізге жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде
орындап, аса зор абырой биігінен көріндіңіз.
Сізге ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздің елге еткен еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін. Сізге алғысымды білдіре отырып, зор денсаулық, абырой мен құрмет, отбасыңызға амандық шаңырағыңызға шаттық тілеймін, — деп жылы лебізді құттықтау адресатын табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Бұдан кейін аудан әкімінің кеңесшісі Мұратхан Естаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шахикерім Исабековтер сөз сөйлеп, құрметке бөленген азаматтың елге атқарған жұмыстарын атап көрсетті.
Өз кезегінде сөз алған Ақылбай Баялиев аудан әкіміне және әріптестеріне
зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мойынқұм ауданы әкімдігі