Бөдене жұмыртқасының төрт пайдасы

Бөдене жұмыртқасы сүйектің нығаюына, қант диабеті кезінде, астма және басқа да аурулар кезінде ауруды жеңіге көмектеседі. Ол ақуыз бен фосфордың қайнар көзі болып табылатын гипоаллергенді өнім.
Ең алдымен қант диабеті кезінде: бөдене жұмыртқасы, қандағы қант деңгейін мөлшерін тұрақтандырып, жағымсыз симптомдарды болдырмайды. Бастапқы кезеңде екі шикі жұмыртқасын ішу арқылы ем қабылдауға болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал келесі күндері 5-6 данадан шикі күйінде 30-45 күн аралығында ішеді.
Холестерин деңгейін төмендетуге: бөдене жұмыртқасы жүрек қантамырлары аурулары кезінде, тіпті қант диабеті кезінде де көмектесетін пайдалы холестерин мен лецитинге бай.
Аптасына 5-6 бөдене жұмыртқасын қолдану, зиянды холестерин деңгейін төмендетеді.
Астма (демікпе) кезінде: мамандар демікпеге шалдыққан науқастарға күніне бір дана бөдене жұмыртқасын қолдануға кеңес береді.
Бөдене жұмыртқасы уланып қалған кезде де көмектеседі: әр 5 сағат сайын бір жұмыртқадан қабылдап отыру жақсы пайдасын тигізеді.

Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)