Азия чемпионатында қазақстандық 10 боксшы жүлдеге қол жеткізді

Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық 10 спортшы жүлдеге қол жеткізіп үлгерді.
Айта кетсек, құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткізіледі. Ерлер арасында Серік Абзал (67 келі), Ерхат Бекзат (92 келі) және Аманат Сабырғали (92 келіден жоғары), әйелдерде Әнел Сақыш (54 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі), Дана Дидай (75 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) алғашқы жекпе-жегін жартылай финалда бастайды.
Олар қарсыластарына есе жіберген жағдайдың өзінде кем дегенде қола жүлдеге қол созады.

turkystan.kz.